Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жалған техникалық байқаудан өткені үшін айыппұл 517 500 теңгені құрайды

Жалған техникалық байқаудан өткені үшін айыппұл 517 500 теңгені құрайды
Фото: pixabay.com

Уәкілетті орган жалған техникалық байқаулардың күшін жою жөніндегі заңнамалық тетікті әзірледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылдың басынан Қазақстанда техникалық байқаудан өткізетін 350 оператордың қызметі тоқтатылып, айыппұл салумен 131 әкімшілік материал ресімделді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі отырысында Көлік министрінің м.а. Талғат Ластаев мәлімдеді.

Сондай-ақ баяндамашы автокөлік құралдарын техникалық байқаудан өткізу саласындағы бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған жүйелі шаралар туралы айтып берді.

«Автомобильдердің жай-күйін назарға ала отырып, техникалық байқау операторларының көлік құралынсыз техникалық байқау жүргізгені үшін айыппұлды 10-нан 150 АЕК-ке дейін (517 500 теңге) ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ көлік құралдарының иелеріне жалған техникалық байқаудан өткені үшін және операторға техникалық байқауды ұйымдастыру әрі өткізу қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдар енгізілетін болады. Айыппұл мөлшері тиісінше 5 және 150 АЕК болады», - деді Т.Ластаев.

Сонымен қатар «Техникалық байқау» жүйесінде жалған техникалық байқаулардың күшін жою жөніндегі заңнамалық норма көзделген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда