Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Өскемен – Алтай-Рахман қайнары” автомобиль жолында ақпараттық панно орнатылады

Республикалық маңызы бар “Өскемен – Алтай-Рахман қайнары” автомобиль жолында ақпараттық панно орнатылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың алты айында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 50 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Жол-көлік оқиғаларының пайда болуының негізгі себептері – жылдамдық режимі мен маневр жасау ережелерінің бұзылуы болып табылады.

2021 жылғы 15 мамырда “Өскемен – Алтай-Рахман қайнары” автомобиль жолымен келе жатқан жүк автомобилінің жүргізушісі рульді басқара алмай, 25 шақырым жүріп өтіп, көліктің аударылып қалуына жол берді. Оқиға орнында төрт адам көз жұмды.

Осыған ұқсас жол-көлік оқиғасы 2021 жылдың 6 маусымында орын алды, онда жүк көлігінің жүргізушісі тас жолдан шығып, жартасқа соғылған. Нәтижесінде аталған көліктің жүргізушісі Өскемен қаласының бірінші қалалық ауруханасына жеткізілді.

2021 жылдың 11 маусымында осы автожолдың 23-ші шақырымында жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, қарсы келе жатқан автокөлікпен соқтығысуға жол берді. Осы оқиғаның нәтижесінде екі адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және республикалық маңызы бар “Өскемен – Алтай-Рахман қайнары” автомобиль жолында апаттылықты төмендету мақсатында авариялық-қауіпті учаскесін көрсету үшін ақпараттық панно орнатылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті