Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 15 жаңа Оқушылар сарайы ашылады

Астанада 15 жаңа Оқушылар сарайы ашылады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін елордада 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайының құрылысы жоспарланған. Алдағы екі жылда 5 заманауи Оқушылар сарайы іске қосылады. Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Есет Байкен мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада балалардың 79,9%-ы қосымша біліммен қамтылды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға өсті.

Сонымен қатар, Астанада мектеп оқушыларын толықтай 2029 жылға дейін қосымша білім берумен қамтамасыз ету үшін 15 Оқушылар сарайын салу жоспарланып отыр, оның бесеуі алдағы екі жылда салынбақ.

Білім беру мекемелерінде оқушылар мен олардың ата-аналарына жан-жақты психологиялық қолдау көрсетіледі. Биылғы оқу жылында «Отбасылық бақыттың жылуы» атты жаңа жоба енгізіліп жатыр, оның аясында әр айдың соңғы сенбісінде түрлі мамандардың (мектеп әкімшілігі, ПМПК, қамқоршылық кеңес, заңгерлер, психологтар, пән мұғалімдері, логопедтер, денсаулық сақтау мамандары және т.б.) консультативтік көмегін ұйымдастыру мақсатында ата-аналар үшін ашық есік күндері өткізілетін болады.

Сондай-ақ қазан айында әдістемелік орталық базасында ата-аналар мен білім алушыларға тегін психологиялық консультациялық көмек көрсету бойынша кабинеттер ашылады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады