Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде жаңа оқу жылында 80-ге жуық жаңа мектеп ашылады

Елімізде оқу жылының басталуына қарай 80-ге жуық жаңа мектеп ашылады. Жыл соңына дейін барлығы 230-дан астам мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне жасаған kazlenta.kz


«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылдың соңына дейін елімізде 1 000 мектеп салынады. Былтыр 277 мектеп пайдалануға берілді. Биыл тағы 230 мектепті ашу жоспарланып отыр. 1 қыркүйекке дейін 80 мектеп ашылады. Қазір жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, қалған мектептердің құрылысын мерзімінде аяқтау үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мектептерді қаржыландыру және оның құрылысы заңды түрде әкімдіктердің құзырында екенін еске сала кетейік. 


Мемлекеттік сатып алулар, жобалық-сметалық құжаттарды дайындау, жер телімдерін бөлу, инженерлік инфрақұрылым, құрылыс және іске қосу – жергілікті әкімдіктерге жүктелген осы үрдістің барлығын қарап, оңтайландыру қажет, қазір онымен арнайы жұмыс тобы айналысып жатыр. Нақты құрылыс салу, әкімдіктердің мектеп салмай үй салуға рұқсат беру тәжірибесі - ол бөлек мәселе. Соның салдарынан қазіргі мектептер бірден үш ауысымға айналады. Біз заң жүзінде мұндай мүмкіндікті толығымен жоюды талап етеміз», - деді Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев.


Жаңа мектептің басым көпшілігі демографиялық өсім белсенді және оқушылар орны жеткіліксіз аймақтарда салынып жатыр. Бұл Алматы, Атырау облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары.


Өңірлерде де 200-ден астам мектепке күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді