Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте 1,5 млн теңгенің алтынын жымқырған бала күтуші ұсталды

Шымкентте 1,5 млн теңгенің алтынын жымқырған бала күтуші ұсталды
Фото: pixabay.com

Шымкентте 1,5 млн теңгенің алтынын жымқырған бала күтуші ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай аудандық полиция басқармасына “102” арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз шағымында жатын бөлмесіндегі шкаф ішінен құны 1,5 миллион теңге тұратын алтын әшекейлерінің жоғалғанын жеткізген.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, істің мән-жайын нақтылау барысында сол үйде бала күтімімен айналысатын 19 жастағы қыз күдікке ілінген.

Тәртіп сақшылары шұғыл іздеу жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні Абай АПБ-на жеткізді.

Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша іс қозғалды.

Белгілі болғандай, жас қыз әуелі үй иесінің неке жүзігін ұрлап, сатып жіберген. Кейін сөредегі алтындарға көзі түсіп, оны да қаладағы базарларға апарып өткізгені анықталды.

Күтуші өз кінәсін толық мойындап, бұл ісі үшін өкінетінін жеткізді. Жәбірленуші келтірген материалдық шығынның толығымен өтелуіне байланысты, азаматшаға кешірім берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді