Жетісай тұрғыны экс-жұбайының ақшасын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, үйінен ақша ұрланғанын жеткізді. Ер адамның айтуынша, жатын бөлмесіндегі шкаф ішінде тұрған 100 мың теңге ақшасын белгісіз біреу жымқырған.
Тәртіп сақшылары аталған фактіні ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар сезікті “ізін суытпай” анықталды. Ол жәбірленушінің бұрынғы әйелі болып шықты.
Белгілі болғандай, күдікті әйел экс-күйеуінің үйіне қонуға кеткен қызын алып кетпек болып, кешкілік үйіне барған. Сол уақытта оның ұйықтап жатқан сәтін пайдаланып, шкафта тұрған ақшаны алып кеткен. Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.