Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Кентау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Президент әкімшілігінің келісімімен, Түркістан облысы әкімінің өкімімен Кентау қаласының әкімі болып Тасов Жандос Қалмырзаұлы тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентаудың жаңа басшысын қалалық мәслихат депутаттары мен қала активіне таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Ол өз өтініші негізінде жұмыстан кеткен Рашид Аюповқа өңірді дамытудағы еңбегі үшін алғысын білдірді.  Сондай-ақ облыс әкімі жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тілеп, халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы әлеуметтік-экономикалық саладағы жұмысты жандандыруды жүктеді. Өмірзақ Шөкеев жаңа әкімге мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді дер кезінде әрі тиімді жүзеге асыруға баса назар аударуды тапсырды.

Жандос Тасов 1987 жылдың 22 қаңтарында Түркістан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2013 жылы "Градкомплекс" ЖШС архитекторы болып бастаған. 2013-2014 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің инспекторы, Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маман міндетін атқарушысы, 2014-2017 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.2017-2018 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі, 2018-2020 жылдар аралығы Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімнің басшысы болған. 2020-2021 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімнің басшысы лауазымын атқарды.

2021 жылғы 19 ақпаннан бері Түркістан қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келген.  
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты