Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

АЭФ-та азаматтық қоғам институттарының рөлі талқыланды


Global Challenges Summit-2018 форумы аясында «Азаматтық қоғамның болашағы. Жаңа азаматтық белсенділік» тақырыбында сессия өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қатысушылар алдында сөз сөйлеген ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Қазақстандағы азаматтық қоғамның  дамуы жөнінде бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды.  

«Қазақстан әлемдік трендтермен бір бағытта даму үстінде. Мемлекет басшысы ғаламдық дамудың басты бес мегатрендін атап өтті. Олардың қатарында адам қызметінің барлық салаларын цифрландыру, энергетикалық революция, жер шарындағы тұрғындар санының жылдам өсуі, урбанизация қарқыны мен сипатының және  жаһандық еңбек нарығының өзгеруі бар. Бұл ретте, Астана экономикалық форум аясында біз азаматтық қоғамның келешегіне көз салуды жөн санадық. Жаңа азаматтық позитивтік белсенділік халық пен мемлекет өміріне қалай ықпал ететінін талқылау үшін беделді сарапшыларды шақырдық», - деді Дархан Кәлетаев. 

Сонымен қатар, Д. Кәлетаев тұрғындардың ой-санасына әлеуметтік желілердің тигізетін әсері туралы, оның ішінде азаматтық қоғамның дәстүрлі институттары халықтың пікірін білдіру үшін жаңа желілік институтармен бәсекеге түсетініне тоқталды. Оның айтуынша, әлеуметтік желілер мен интернет біз үшін азаматтық белсенділіктің виртуалды түрін ашты, виртуалды белсенділік арқылы әрбір адам мемлекеттік бастамаларды, қоғамдық мәселелерді талқылауға қатыса алады және оларды шешу үшін сындарлы ұсыныстарын  жасайды.

Министр азаматтық қоғам жаңа трансформацияның қозғаушы күші болуы қажет екендігін атап өтті. Бұл үшін білім алуды, жаңа дағдылар мен білікті дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін және коммуникацияны жетілдіру қажет.

Шара барысында үкіметтік емес ұйымдардың, әлеуметтік кәсіпкерліктің және азаматтық белсенділіктің заманауи даму трендтері туралы танымал сарапшылар сөз сөйледі.



Сурет: inform.kz
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты