Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Азаматтық қоғам институттары Жолдауды жүзеге асыру жолдарын талқылады


Астанада үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығы Елбасы Жолдауының негізгі басымдықтарын жүзеге асырудағы қоғам институттарының рөлін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Шараға ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова, Астана қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Данияр Есин, «Аймақ» қоғамдық қорының төрайымы Айгүл Соловьева, саясаттанушы Сұлтанбек Сұлтанғалиев, Қазақстан Азаматтық альянсының вице-президенті Мұсағали Дуамбеков, «Қазақстанның заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық ұйымының  атқарушы директоры Әбдікәрім Ақжанов қатысты.

Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова Жолдаудың Қазақстан халқы үшін көптен күткен және маңызды жаңалық екенін, сондай-ақ,  әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері мен Қазақстанның әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеттеріне арналғанын атап өтті. «Жолдауда қазақстандық қоғамның барлық негізгі аспектілері: халықтың табысы, тұрғын үй, жол мәселесі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, отбасы және жастар, ауыл шаруашылығы салалары  қамтылған.  Жолдаудың басымдықтары - жаңғыру және реформалау үдерістерінің логикалық жалғасы болып саналады. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, реформа жүргізу барысында азаматтық қоғамның маңызды мәселелерді шешуге қатысуы - Мемлекет басшысы қойған міндеттерді ойдағыдай жүзеге асырудың басты шарты» - деп атап өтті Әлия Ғалымова.  

 Дөңгелек үстел барысында саясаткер Сұлтанбек Сұлтанғалиев саяси партиялар, қоғамдық кеңестер, үкіметтік емес ұйымдар, коммерциялық емес қорлар сияқты азаматтық қоғам институттарының қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін әлеуметтік процестерді жандандыратын жылжытушы күш екенін жеткізді.

Ол Елбасының: «Әр қазақстандық азамат реформаның мәнін және Отанымыздың гүлденуі үшін олардың маңыздылығын нақты түсінуі керек. Оларды табысты іске асыру үшін бүгінгі таңда ортақ мақсаттарға жету үшін қоғамды шоғырландыру маңызды» деген сөздері халықтың ойлауы мен  дүниетанымына жағымды әсер ететінін атап өтті. 


Сурет: news.1777.ru
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді