Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Исекешов Ұлттық банктің жаңа төрағасын таныстырды


 


Елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банктің және Үкіметтің бірлескен жұмысы күшейтіледі - Досаев.


Бүгін, 26-ақпан күні Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әсет Исекешев Қазақстан Республикасы ҰБ Төрағасы Ерболат Досаевты Ұлттық Банктің ұжымына таныстырды, деп хабрлайды Zakon.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ә. Исекешев Ұлттық Банктің алдында тұрған барлық міндеттердің бұрынғыдай қалатынын атап өтті.


"Бірінші кезекте, бұл ақша-кредит саясатын жетілдіру, банктік, қаржылық және нақты секторларды қалыпқа келтіру, баға тұрақтылығы мен экономикалық өсу арасындағы теңгерімді табу", – деді Ә. Исекешев.

Ә. Исекешев атап өткендей, банктер активтерінің сапасына тәуелсіз бағалау жүргізу, қор нарығын дамыту және басқалары өзекті мәселелер болып қалуда.


"Үкіметпен бірге халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында макроэкономикалық тұрақтылықты және экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер жүйесін пысықтау қажет", – деп атап өтті ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы.

Өз кезегінде, Е. Досаев Мемлекет басшысына көрсетілген сенімі үшін алғыс айтты және елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банктің және Үкіметтің бірлескен жұмысы күшейтілетінін атап өтті.


ҚР Президентінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 856 Жарлығымен Ерболат Досаев ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының лауазымына тағайындалғанын еске саламыз.


Сурет : Zakon.kz
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді