
Ғимараты осыдан 60 жыл бұрын пайдалануға берілген аталмыш орталық 225 адамға арналған. Қазіргі таңда мұнда бос орын жоқ. Орталық басшысы Нұрғали Ешенқуловтың айтуынша оңалту орталығын кеңейту қажеттілігі туындауда. Сондықтан жобалық-сметалық құжатының қорытындысы әзірленіп, келесі жылы қосымша 50 орындық ғимараттың құрылысы жоспарлануда. Әзірге жобалық сметалық құжаты әзірленген.
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «№ 1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» психологиялық көмек көрсету мен дефектолог кабинеті, дәрігерлер, гинекологиялық, стоматологиялық кабинеттер және заманауи техникалармен жабдықталған медициналық бекет, ине егу бөлмесі, кризис, паллиативтік көмек көрсету бөлмелері, тірек-қимыл аппараты бұзылған қызмет алушы азаматтарға ыңғайлы жеке гигиеналық бөлмелер және тренажерлық зал, караоке, мәдени іс-шаралар залы мен еңбек терапиясы қарастырылған. Қызмет алушылардың ыңғайлылығы үшін монша, шаштараз қызметтері де орталықтың аумағында орналасқан.
Еске сала кетейік, елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ерекше күтімді қажет ететін жандарға арналған орталықтар жұмысы толыққанды мемлекеттің тікелей бақылауында. Оларға түрлі қолдау шаралары жалғасын таба береді.