Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент: "Тең қоғам" әлеуметтік қолдау орталығында 13 мыңға жуық мүгедектігі бар азаматқа көмек көрсетілді

Шымкент:
Фото: pixabay.com

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Тең Қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы» жыл басынан бері 13 мыңға жуық мүгедектігі бар азаматқа ақпараттық–консультациялық, әлеуметтік, құқықтық, жұмысқа орналасуға кеңес беру, психологиялық көмек түрлерін көрсетті. 

Мамандардың көмегімен 998 адам әлеуметтік қызметтер көрсету порталы арқылы көмекші техникалық құралдарын алған.  52 азамат қоларба және 466-ы протез ортопедиялық құралдарымен қамтылған және 1 жарым мыңға жуық қызмет алушы санаторлық-курорттық емделуге жолдама алды.

Жыл басынан мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілді.

Әлеуметтік портал мен ЭЦК-мен жұмыс істеу үшін мүгедектігі бар азаматтарға басқарма ғиматарында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштамасы ұйымдастырылған. Сонымен қатар басқарма қызметкерлерімен әрбір адамға жеке-жеке көмек берілуде. 

Арнаулы әлеуметтік қызметтер әлеуметтік салада психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жалғызілікті І-ІІ топтағы мүгедектер мен қарттарға стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету жағдайында мемлекеттік мекемелерге альтернатив ретінде үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Осы бағытта басқармаға қарасты 11 арнаулы әлеуметтік қызметкөрсету орталықтары бар, мекемелерді  1153 қызметкер жұмыс істейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады