Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Экология министрлігі киіктерді ату бастамасын уақытша тоқтатты

Елімізде киіктердің популяциясын реттеу мәселесі ғылыми зерттеудің нәтижесінен кейін нақтыланады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ОКҚ өткен брифингте хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

"Президент сынынан кейін барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, қауымдастықтар және ғалымдармен тағы да жиналдық. Киіктер популяциясын реттеу және пайдалану мәселесі қайта талқыланды. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды, ғылыми зерттеулерді тереңірек жүргізу қажет деген қорытындыға келдік. Яғни киіктердің көші-қон жолдарын, тіршілік ету ортасын, жем-шөп базасын қарау керек", - деді Серікқали Брекешев.

Министр ақбөкендердің популяциясы үнемі өсіп отырмайтынын түсіндірді. Оның айтуынша, белгілі шек бар, содан кейін киіктер жем-шөп үшін өзара бәсекеге түседі. "Ішкі бәсекелестіктің артуы жануардың өзін әлсіретеді. Сондықтан осы мәселенің барлығын тағы да қарастырамыз. Содан кейін біз дұрыс шешімге келеміз. Бірақ егер тарихи тұрғыдан алсақ, Кеңес заманында киіктердің популяциясын реттеу тәжірибесі болды және олардың саны сақталды", - дейді Брекешев. Сонымен қатар министр киіктер тағдырына қатысты шешім ғылыми зерттеулердің нәтижесінен кейін қабылданатынын жеткізді. Айтуынша, ғылыми зерттеулер 1-2 жылға созылуы мүмкін.

"Зерттеудің алғашқы нәтижелері белгілі болғанға дейін киіктердің популяциясын реттеу немесе пайдалану туралы шешім қабылданбайды", - деп сөзін түйіндеді Серікқали Брекешев. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі