Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерілді

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың утилизациялық алым алумен мемлекеттік ұйым айналысуы тиіс деген тапсырмасын орындау үшін Үкімет тиісті қаулы қабылдады. Осы қаулымен «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның жарғылық капиталына жүз пайыз қатысу үлесі мемлекет меншігіне қабылданғаны айқындалды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Министр хабарлағандай, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің жаңа операторы ретінде мемлекеттің 100% қатысуымен «Жасыл Даму» АҚ анықталды. Жарғылық капиталда АҚ-ның басқа меншік иелері жоқ.

Утилизациялық алым мөлшерлемелерін қайта қарау үшін Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, оған жұртшылық, бизнес және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

«27 қаңтарда кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым мөлшерлемелерін (коэффициенттерін) қайта қарау мәселесі талқыланды. Жұмыс тобының мүшелері қазіргі уақытта ҚР экология, геология және табиғи ресурстар, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шегеру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады», – деді С. Брекешев.

Бұл шешім кабель-сым өнімдерін импорттаушылармен және өндірушілермен талқылау кезінде қабылданды. «Атамекен» ҰКП қорытындысында утилизациялық төлемді ынталандыру ережелері мен есептеу әдістемесіне түзетулер ұсынылды.

Экология министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірледі, ол мемлекеттік органдармен келісілу сатысында. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда