Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда киіктерді атуға рұқсат етілуі мүмкін

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz. 

«Киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін. Егер біздің ғалымдар киік санын реттеуге рұқсат беретін болса, қазір жұмыс тобымен бүкіл сұрақтарды қарастырып жатырмыз», - деді Экология министрі Мәжіліс отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, биологиялық негіздеме Қазақстанның барлық аумағына - Бетпақдала, Үстірт және Орал популяцияларына таралады.

«Қазір негізгі мәселе Батыс Қазақстан облысы бойынша байқалып отыр. Өйткені, киіктер қазір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егістіктеріне шығып жатыр. Сондықтан мұнда белгілі бір мәселе бар. Тіпті мәселе мұнда ғана емес. Ғалымдарымыздың киік санын реттеу қажет деген ұсынысы бар. Бұл популяцияның өзін қорғау үшін де қажет. Қазір баспасөзді де жіті оқып отырмыз. Онда бізді Қызыл кітапқа енген киіктерді атуға рұқсат беріп, аңшылық шаруашылықтардың мүддесін қорғап отыр деп жатыр. Біріншіден, киік Қызыл кітапқа енгізілмеген. Ол жойылып бара жатқан түр ретінде қарастырылады. 2016 жылдан бастап бізде 110 мың киік болды. Бүгінгі таңда олардың саны 1 миллион 318 мыңға жетті, біз популяцияны сақтап қалдық. Қолдан келгеннің бәрін жасадық. Енді бұл популяцияны реттейтін уақыт келді», - деді С. Брекешев.

Сонымен бірге, тілшілер киік санын қалай реттеуге болатынын сұрады.

«Қазір бионегіздеу аяқталады. Одан кейін киік санын реттеуге нақты лимит белгіленеді. Бұл реттеудің ішінде осы жануарларды ату да бар. Қайталап айтамын – бұл шешім тек биологиялық ғылыми негіздемеде қабылданады. Лимит қатаң түрде анықталады. Қазір жұмыс тобы құрылды, бұл мәселе жұмыс тобында қарастырылып жатыр. Жұмыс тобына барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, ІІМ өкілдері кіреді. Біз браконьерлікті заңдастыруға жол бермеу үшін барлық жұмысты жасап жатырмыз. Барлық мәселелер жан-жақты қарастырылады. Менің ойымша, тексерілген нақты шешім болады», - деді Серікқали Брекешев.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді