«Алматы ауданында орналасқан А24 көшесі – Орал Мұхамеджанов, А40 көшесі – Нұрлан Балғымбаев, А62 көшесі – Сафуан Шаймерденов, Нұрлы жол көшесінің № 37 үйден № 26 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Бозоқ, Мұстафа Шоқай көшесінің № 2 үйден № 10 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Ботай, Мұстафа Шоқай көшесінің № 20А үйден № 33/2 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Түймекент, Бастөбе көшесінің № 23 үйден № 37 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Жарқұдық, Георгий Игишев көшесінің № 2 үйден № 16/3 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Ақжал, Бірлік көшесінің № 2/1 үйден № 30/1 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Алшалы, Иманақ көшесінің № 13 үйден № 7Б үйге дейін жалғасқан бөлігі – Жалтыр көшесі деп аталсын.
Ал, Есіл ауданының аумағындағы № 202 көшесіне – Нұркен Әбдіров, Е103 көшесіне – Олжабай батыр, Е111 көшесіне – Шерхан Мұртаза, Е324 көшесіне – Дүкенбай Досжан, Е325 көшесіне – Еркеғали Рахмадиев, Е357 көшесіне – Александр Сызғанов, Е486 көшесіне – Еркін Әуелбеков, Е576 көшесіне – Қанай би, Е577 көшесіне – Хамза Есенжанов, Е578 көшесіне – Бопай ханым, Е579 көшесіне – Қайреден Қарбаев, Е580 көшесіне – Сабыр Ниязбеков, Е582 көшесіне – Бертіс би, Е607 көшесіне – Құман Тастанбеков, Е608 көшесіне – Шолпан Жандарбекова, Е757 көшесіне – Ақселеу Сейдімбек, Е758 көшесіне – шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян, Е889 көшесіне – Барлыбек Сырттанұлы, Е890 көшесіне – Ермұхан Бекмаханов, Е898 көшесіне – Тұрсынбек Кәкішев атауы берілсін. Сарыарқа ауданына қарасты № 20-40 көшеге – Сәбит Мұқанов есімі берілсін», - делінген қаулыда.
Сонымен қатар, мәслихат ұсынысы бойынша Дина Нұрпейісованың ескерткіші жанында орналасқан аллеяға – «Қазақ елінің күйшілері мен күйші-композиторлары аллеясы» деген атау берілмек.
Ал, Сыртқы істер министрлігі ғимаратының алдында орналасқан аллеяны – «Нәзір Төреқұлов атындағы дипломаттар аллеясы» деп атау ұсынылып отыр. «Салтанат Сарайы» кешені мен «The St. Regis Astana» қонақүйі арасында орналасқан сквер енді «Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің патшайымы II Елизавета атындағы сквер» деп аталуы мүмкін. Көшелер мен аллеяларға атау беру туралы мәслихат қаулысы 10 күннен соң күшіне енеді.