Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорда әкімі кезекте тұрғандарға пәтер кілтін табыстады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында кезекте тұрған тұрғындарға пәтер кілті табысталғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жаңа жылды қала тұрғындарының бір бөлігі көптен күткен пәтерінде қарсы алады. Бүгін жылдар бойы кезекте тұрған елордалықтарға пәтер кілті табысталды. Олардың арасында жетім балалар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, мүгедектер, толық емес отбасылар, зейнеткерлер және т.б. бар.

Тұрғын үй кешені Алматы ауданында орналасқан (Ш.Құдайбердіұлы көшесі). Кезекте тұрған 200-ге жуық отбасыға аталған тұрғын үйден пәтер берілді. Көктемде аумағын абаттандырып, ағаш отырғызамыз. Осы айда кезекте тұрған 2 мыңнан астам отбасы әлеуметтік пәтердің кілтін алды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қолжетімді жеңілдікпен берілетін тұрғын үй саны 10 мың әлеуметтік пәтерге дейін ұлғайды. Соңғы 3 жылдың өзінде қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй саны 5,5 есеге артты. Мысалы, 2018 жылы 1800 пәтер, 2019 жылы 2 900 пәтер салынса, 2020 жылы 7 мыңнан астам қолданысқа берілді. Бұл көрсеткіш алдағы жылдары да сақталмақ.

Жаңа 2022 жылы тағы да 10 мың әлеуметтік пәтер саламыз. Дайындық жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасын жалғастырамыз, биыл да жастарға арналған «Elorda Jastary» арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық.

Қоныс той құтты болсын! Әрбір отбасыға амандық тілеймін!» - деп жазды әкім Instagram парақшасында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті