Нұр-Сұлтанның бірнеше көшесінде көлік қозғалысы өзгереді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты CTS баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жаяу жүргіншілер өтпелері алдындағы бұрылу алаңдары көше-жол желісін жеңілдету үшін оң әсерін тигізді. Жаңашылдық келесі көшелердің тағы 5 учаскесінде енгізіледі: үшеуі Оңғарсынова көшесі бойынша, біреуі Назарбаев орталығы ауданында Бөкейхан көшесі бойында, тағы бірі №76 мектебі ауданында Керей-Жәнібек хандар көшесі бойында.
Мәңгілік Ел даңғылы – Ұлы дала даңғылы (Бөкейхан көшесінен қозғалыс кезінде), Тәуелсіздік даңғылы – Нәжімеденов көшесі (Қалдаяқов көшесінен), Түркістан көшесі – Керей Жәнібек хандар көшесі (Алматы көшесінен) қиылыстарында солға бұрылуға тыйым салу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ бағдаршамның қосымша секцияларын орнату бойынша жұмыстар белгіленген: Қорғалжын тас жолы бағытында оңға жылжу кезінде Айтматов көшесі – Мұхамедханов көшесінің қиылысы, Мәңгілік Ел даңғылының қиылысы – Бұқар Жырау көшесінің қиылысы солға Түркістан көшесіне қарай, Сарыарқа даңғылы-Сейфуллин көшесінің қиылысы қолданыстағы "+" жарық сигналы қосымша секцияға солға ауыстырылады.
Жоғарыда аталған жоспарланған іс-шаралар 2021 жылдың қыркүйек айының соңына дейін іске асырылатын болады.
Айта кетейік, аталған өзгерістерді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі полиция департаментімен бірлесіп жолдардың өткізу қабілетін арттыру және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жоспарлап отыр.
Жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілері қырағы болып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.