Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тері экспортынан отандық өндірушілер 2 млн доллардан астам пайда тапты

2021 жылдың бес айында отандық иленген былғары мен ірі қара малдың терісінен жасалған былғары крастын сатудан түскен экспорттық түсім 2,4 млн АҚШ долларға жетті. Бұл өткен жылдың көрсеткішмен салыстырғанда 73,3% - ға жоғары, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. 
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ мамандарының айтуынша, былғары илеу және өңдеу кәсіпорындары еліміздің 11 өңірінде орналасқан. Осы саладағы кәсіпорындардың көпшілігі Шымкент қаласында шоғырланған (7 кәсіпорын).
Сондай-ақ, өндірушілер Алматы, Қостанай, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында және республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында да бар.
Бүгінгі таңда Қазақстанда былғары илеумен 1 орта кәсіпорын (Алматы былғары зауыты «Almaty Tannery» ЖШС) және 27 шағын бизнес кәсіпорны («КазИталКожа» ЖШС, «Semey Tannery» ЖШС, «КазахЛидерМех» ЖШС, «Петропавл былғары зауыты» ЖШС, «Тараз Былғары зауыты» ЖШС, «Turan Skin» ЖШС, «Кәмшат-Әсел» ЖШС және т.б.) айналысады.
Ірі қара мал терісінен жасалған былғары өндірісінің көлемі 2021 жылдың 6 айы ішінде 54 млн шаршы дм. құрады,  өткен жылмен салыстырсақ 15,2% - ға жоғары.
Жергілікті нарықта отандық былғарыны аз мөлшерде аяқ киім өнімдерін (негізінен әскери және арнайы аяқ киім үшін) және былғарыдан жасалған тауарларды (сөмкелер, белдіктер) өндірушілер сатып алады, қалғаны – экспортталады.
Қазақстандық терінің негізгі сатып алушылары Қытай, Үндістан, Италия, Түркия, Украина және Испания сияқты елдер.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты