Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

5 жылдың ішінде республикалық жолдардың бойында 400-ден астам санитарлық торап орнатылады

Инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2025 жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында санитарлық-гигиеналық тораптардың 297 бірлігін орнату көзделген. Бұдан бөлек, жеке инвестициялардың есебінен санитарлық-гигиеналық торабы бар 128 жанармай құю бекеті тұрғызылады деп күтілуде.  


Биыл қайта жаңарту жұмыстарының аясында «Шортаңды-Зеренді», «Қарағанды қаласының айналма жолы», «Нұр-Сұлтан-Павлодар», «Жетібай-Жаңаөзен», «Нұр-Сұлтан қаласының айналма жолы», «Ұзынағаш-Отар», «Өскемен-Рахман қайнары» мен «Петропавл-Қорған» автожолдарында 22 санитарлық торап қойылады. 2021 жылы санитарлық-гигиеналық тораптың 40, 2022 жылы – 50, 2023 жылы – 55, 2024 жылы – 65 және 2025 жылы - 87 бірлігі орнатылады деп жоспарлануда.


 

Сонымен қатар, 2025 жылдың соңына дейін халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың бойында жеке инвестициялардың есебінен санитарлық-гигиеналық торабы бар Compass, ҚазМұнайГаз, Helios, Sinooil және Kaztransgas сияқты компаниялардың 128 жанармай құю бекеті қойылады.


Бүгінгі таңда «Алматы-Қорғас», «Алматы-Ташкент», «Самара-Шымкент», «Ақтөбе-Мартық», «Нұр-Сұлтан-Теміртау», «Алматы-Өскемен», «Екатеринбург-Алматы» мен «Доссор-Ақтау теңіз порты» автомобиль жолдарында 18 жанармай құю бекетінің құрылысы жүргізіліп жатыр.


Жол бойындағы сервисті дамыту мәселесі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің басты назарында.


Еске салайық, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ автожолдардың ақылы учаскелерінде жеке инвестициялар есебінен санитарлық-гигиеналық тораптары бар модульдік павильондарды орнату бойынша конкурс жариялаған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді