Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісайдағы сұмдық оқиғадан соң шенеуніктер де жаппай жазаланып жатыр


Түркістан облысындағы апалы-сіңлілі жеткіншектерді екі жылға жуық қинап келген өгей шеше екі баппен тергеліп жатыр, — деп хабарлайды КТК. 

28 жастағы әйел қазір уақытша қамау абақтысында. Тіпті, қыздарының осыған дейінгі жағдайын білмедім деп ақталған әкесіне де қатысты «кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндетін орындамағаны» үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, аудандағы селқостық танытқан жауапты қызметкерлер де жазасыз қалмайды.

«Жалпы, жаға ұстатарлық бұл жағдайға селқостық себеп болып отыр. Сондықтан, мектеп мұғалімдерінен бастап, директоры бар, білім бөлімі басшысы мен аудан әкімінің орынбасарының мәселесі май шаммен қаралатын болады. Қазір, бұл мәселе омбудсмен, білім министрі мен бас прокурордың жеке бақылауында», — дейді Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Раиса Шер.


Аудан әкімінің орынбасары, мектеп директоры мен орынбасары, үш қыз оқыған сыныптардың жетекшілері тәртіптік жазаға тартылды. Жұлдыз Көбеева үш жыл бұрын әкесімен азаматтық некеге тұрып, кейін ұл туған соң, өгей қыздарына әңгір таяқ ойнатуды бастапты. 


Жәбірленушілердің айтуынша, түрлі тапсырмалар беріп, қит етсе ұрып-соғып, тіпті тырнақтың астына ине тығудан тайынбаған. Мұздай суға салып қинап, мұздатқыштың ішіне де қамап жәбірлеп келіпті. Екі жылға жуық азапталған қыздардың бірі өгей шешенің озбырлығын сынып жетекшісіне айтып берген соң ғана құзырлы орындар әрекет ете бастады. Қазір, 11, 13 және 14 жастағы үш жеткіншекпен психологтар жұмыс істеп жатыр.


Сурет: otyrar.kz
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
67 комментариев
  • Arletha
  • 17-11-2026, 07:31
  • : 07:31
References: Payid casino support https://sciencemission.com/profile/damagegas4
  • Karry
  • 17-11-2026, 09:33
  • : 09:33
References: $5 payid deposit casino australia https://doc.thudep.com/
References: Casino paypal dgoj españa top casinos paypal españa
References: Fast payout casino payid https://doc.anagora.org/pxO3qVJgSE2wnF0s3g2X1Q
  • Jodi
  • 19-11-2026, 08:56
  • : 08:56
References: Payid payout casino http://forum.modulebazaar.com/
  • Doyle
  • 19-11-2026, 14:28
  • : 14:28
References: Payid payout casino riddlesign8.werite.net
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды