Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин ҚР және РФ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин ҚР және РФ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин екіжақты келіссөздер жүргізді. Онда сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық, өнеркәсіп, энергетика және көлік саласындағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ экология саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Владимир Владимирович Путиннің бірлескен күш-жігерінің арқасында қазақ-ресей қатынастары өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейіне көтерілді. Соңғы жылдары өзара сауда көлемі $30 млрд-тық межеге едәуір жақындады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ресей Қазақстан экономикасына салынған инвестициялар көлемі бойынша көшбасшы елдер қатарында. Мәселен, өткен жылдың 9 айында көршімізден $2,1 млрд инвестиция тартылды. Ал 20 жыл ішінде ресейлік тікелей инвестициялар көлемі $28,5 млрд-қа жетті. Қазақстан РФ экономикасына $9 млрд инвестиция салды.

«Сізді және қазақстандықтарды тарихи оқиғамен, жаңа Конституцияларыңыздың қабылдануымен шын жүректен құттықтаймын. Референдум нәтижесі Қазақстан халқының ел Президенті, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың заманауи әрі өркендеген мемлекет құру, республика азаматтарының әл-ауқатын арттыру бағытын қолдайтынын нақтылай түсті», — деп атап өтті Михаил Мишустин.

Келіссөздер барысында Каспий теңізінің экожүйесін сақтау және табиғатты қорғау бастамаларын жүзеге асыру жөніндегі бірлескен іс-қимылдарға да назар аударылды. Қазақстан Каспий теңізі деңгейінің одан әрі төмендеуін болдырмауға және экологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған барлық Каспий маңы мемлекеттерінің жүйелі және келісілген өзара іс-қимылын қолдайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Каспийдің су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаның жобасы әзірленуде.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту ниетін растады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
38 комментариев
  • Nichol
  • 27-10-2026, 22:04
  • : 22:04
References: Bank transfer pokies Australia codimd.zaehlwerk.net
  • Susana
  • 28-10-2026, 13:55
  • : 13:55
References: Mobile casino bank transfer australia https://williamson-leth-3.hubstack.net
  • Moses
  • 28-10-2026, 21:53
  • : 21:53
References: Blackjack online MiFinity Australia https://pad.stuve.de/mzSipffeTWG4U8F4fxtQcQ
  • Reagan
  • 29-10-2026, 08:18
  • : 08:18
References: BPay pokies registration bpay pokies minimum deposit
  • Celeste
  • 30-10-2026, 11:56
  • : 11:56
References: How to deposit at casino with wire transfer wire transfer casino withdrawal australia
References: New australian bank transfer casinos qazaqpen-club.kz
  • Magaret
  • 01-11-2026, 06:58
  • : 06:58
Im neuen RollXO Casino spielen Sie alle Casinospiele ohne Limits und ohne 5 Sekunden Regel. Die Zahlungsmethode ermöglicht es Spielern, ihr Geld direkt von ihrem Bankkonto zu versenden, ohne persönliche Bankdaten an das Online Casino mit Sofortüberweisung weiterzugeben. Online Casinos mit Sofortüberweisung ermöglichen Echtzeit-Transaktionen, sodass Sie sofort mit dem Spielen beginnen können. Und die meisten Anbieter verzichten bei Trustly-Zahlungen vollständig auf Gebühren.
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды