7 тамызда Астанада ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібіндегі басты тақырып интернет сапасы мен елді байланыспен қамтамасыз ету мәселелері болды, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Отырысқа Қоғамдық кеңес төрағасы Андрей Беклемишев бастаған ұйым мүшелері, ҚР ЦДИАӨМ және байланыс операторларының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында байланыс операторлары желілерді сапа жағынан да, географиялық жағынан да дамыту бағытында атқарылған жұмыстары туралы баяндап берді. Ұялы байланыстың бесінші буынын (5G) өрістету бағытындағы деректер ұсынылды. Сонымен қатар, операторлар байланыстың қол жетімділігі мен желілердің ақауларын жою жөніндегі жоспарлары туралы сұрақтарға толыққанды жауап берілді.
Қоғамдық кеңес мүшелері еліміздің жекелеген шалғай өңірлеріндегі байланыс сапасына алаңдаушылық білдірді, бұл өз кезегінде цифрлық инфрақұрылымның, экономиканың және қазақстандықтардың күнделікті өмірінің дамуына теріс әсер ететінін алға тартты. Бұл ретте операторлар 250+ бағдарламасының жетістіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді, яғни осы жоба аясында тұрғын саны 250 адамнан асатын шағын шалғай ауылдардың тұрғындарын мобильді байланыс пен интернетпен қамтамасыз етті.
Байланыс операторларының өкілдері өз кезегінде желілерді жақсарту және қамтуды кеңейту бойынша белсенді жұмыс істеп жатқандарын атап өтті, байланыс пен телекоммуникациялық технологияларды дамытуға инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасаудағы оң үрдістерді атап өтті.
Осындай мүмкіндіктердің бірі базалық станцияларды салу ережелерін жеңілдету. Себебі, бұл процесс аса күрделі әрі көп уақытты талап етеді, яғни ұялы байланыс желілерін орнату үшін оны жоспарлау, антенна-діңгек құрылыстарын салу, жабдықты сатып алу және орнатудан бөлек, оны жүзеге асыратын рұқсат беру құжаттары мен түрлі сараптамалар жинақтауды талап етеді, ал бұл операторлардың айтарлықтай уақытын алып, қаржылық шығындарға әкеп соқтырады. Операторлардың айтуынша, бұл процесс 12 айға дейін созылады.
Сарапшылар бұл ретте әсіресе пәтерлер мен үй-жай иелерінің хаттамалық шешімін алудың қиындығын ерекше атап өтеді. Олардың пікірінше, мұндай хаттаманың қажеттілігі төмен, себебі операторлар электромагниттік сәулеленуге арналған стандарттарды орындап отыр және радиофобияның әсерінен бұл жағдай көбінесе базалық станцияларды демонтаждауға әкеп соқтырады.
Айта кету керек, 2027 жылға қарай операторлар Республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында бірнеше мың базалық станция орнатуды жоспарлап отыр. Осы кезеңде 5G желілерін белсенді орналастыру жоспарлануда. Қазірдің өзінде жаңа технологияны еліміздің бірнеше жүз мың тұрғыны пайдалануда, күн сайын 5G желісі жұмыс істейтін жаңа орындар пайда болуда.
ҚР ЦДИАӨМ өкілдері баға саясаты мен байланыс сапасы операторлардың жауапкершілігінде екенін, өз кезегінде министрлік мемлекеттік реттеуші ретінде бұл бағыттағы жағдайды жақсартуға жағдай жасауға мәлімдеді.
Мұндай Қоғамдық кеңес отырыстары интернет сапасын жақсарту, сондай-ақ цифрландыруды ынталандыру және барлық тұрғындар үшін байланыстың қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадам болып табылады. Ортақ күш-жігерді біріктіру арқылы байланыс және интернет-провайдинг саласындағы жағдайды жақсарту үшін нақты шаралар қабылдауға мүмкін болады.