Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР ИИДМ басшысы: Ірі инфрақұрылымдық нысандарда отандық құрылыс материалдарын пайдалану қажет

ҚР ИИДМ басшысы: Ірі инфрақұрылымдық нысандарда отандық құрылыс материалдарын пайдалану қажет
Фото: ҚР ИИДМ

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Астанадағы тұрғын үй-коммуналды және жол инфрақұрылымының бірқатар нысанына аялдап, алдағы жылу беру маусымына дайындықты тексерді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Атап айтқанда, ведомство басшысы елордадағы сумен жабдықтау нысандарын аралап көрді. Мәселен, жаңа сорғы-сүзгі стансасының (3-ССС) құрылысын тексеріп, Астана су қоймасындағы 1-ші көтергіш сорғы стансасына барып, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 1-ССС мен 2-ССС су дайындау кешенінің жай-күйімен танысты.

Бұған қоса осы жұмыс сапарында Марат Кәрімжанұлы нөсерлі суға арналған (VI-1 ТҚ мен III-6 ТҚ) кәріз-тазарту жүйесі мен 2-кәріз-тазарту стансасының (2-КТС) құрылыс жұмыстарының қарқынын байқап шықты.

Осыдан кейін министр Астанадағы 2-ЖЭО-на барып, алдағы жылу беру кезеңіне дайындық жұмыстарын пысықтап, кәсіпорынның даму жоспарымен танысты.

Сонымен қатар М.Қарабаев бас шаһардың сол жағалауында салынып жатқан жылу қазандығының құрылыс жұмыстарын тексергенін айта кетейік. Жеткілікті көлемдегі қуат қорына ие жаңа нысан (250 мың тұтынушыға дейін шақталған) қаланың жылумен жабдықтау жүйесінің ортақ желісіне қосылатын болады. Бұл жоба жүктемені азайтып, ЖЭО жұмысын жеңілдетеді деп қарастырылған.

Жұмыс сапарының соңында ИИДМ басшысы Тәуелсіздік көшесіндегі көпір құрылысын пысықтады. Жыл соңына дейін көпір бойынша барлық негізгі жұмысты аяқтап, жол қозғалысынашу жоспарланған. Көпірді абаттандыру жұмыстары 2024 жылы аяқталмақ.

Нысанды аралау кезінде М.Қарабаев мердігерлермен кездесіп, ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысында отандық өндірушілердің өнімдерін пайдалану мәселелерін талқылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты