Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Марат Қарабаев Атырауда өндірілетін полипропилен көлемін арттыруды ұсынды

Марат Қарабаев Атырауда өндірілетін полипропилен көлемін арттыруды ұсынды
Фото: gov.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Атырау облысына жұмыс сапары аясында KPI Inc. компаниясына барды. Ведомство басшысы бастаған топ полипропилен өндіретін зауыттың жұмысымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«Теңіз» кен орнынан алынатын пропанды өңдейтін кәсіпорын жылына 500 мың тонна жоғары сапалы полипропилен өндіруге қауқарлы. Бұл әлем бойынша полипропилен өндірісінің 1 пайызын құрайды.

Марат Қарабаев KPI Inc. компаниясының басшылығына өндірілетін полипропиленнің жылдық көрсеткішін арттыру жолдарын қарастырып, нақты жоспар ұсынуды тапсырды.

Сондай-ақ делегация пропанды құю және сақтау паркінің, дайын өнім қоймасының, пропанды дегидрлеу және пропиленді полимерлеу технологиялық қондырғыларының, зауыттың негізгі қондырғыларының, қосалқы электр стансасының, орталықтандырылған операторлар залының жұмысымен танысты. Сонымен қатар SGS зауыт зертханасына барып, полипропилен өндірісін көзбен көрді. Қызметкерлермен жұмыс барысы туралы пікір алмасты.

Айта кетейік, өндіріс ошағы еліміздің полипропиленге деген сұранысын өтеп қана қоймай, құрылыс, медицина, автомобиль құрастыру, тамақ өнеркәсібі секілді салаларда полипропиленнен түрлі бұйым шығаратын шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты