Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты

Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Фото: ҚР ИИДМ

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ведомство басшысына Жезқазған қаласы мен Ұлытау облысының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы мәліметтер берілді. Атап айтқанда, министр ең әуелі әуежайды жаңғырту жоспарымен танысты. Қазір Жезқазғаннан үш бағыт бойынша аптасына 16 рейс орындалады. Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес әуежайдың жасанды ұшып-қону жолағы мен перронын жаңғырту мақсатында жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, экологиялық және мемлекеттік сараптама жүргізілді. ЖСҚ-ға сәйкес жобаның құны – 9,7 млрд теңге. Жобаны «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қаражаты есебінен іске асыру көзделген. Бүгінгі күні жобаны іске асыру басқа мерзімге ауыстырылып отыр.

Бұдан кейін Марат Кәрімжанұлы қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту жүйелерін жаңғырту барысымен танысты. Мәселен, шаһарда сумен жабдықтау қызметтері 100%-ға қолжетімді, су құбыры желілерінің ұзындығы – 298 шақырым. Ал желілердің тозу деңгейі – 74%. Қала тұрғындарын ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету және тозуды 36%-ға дейін төмендету үшін республикалық бюджет есебінен екі жобаны іске асыру көзделген. Жобалардың жалпы құны шамамен – 12 млрд теңге. Жергілікті әкімдік қолға алынған жұмысты биыл қазан айында аяқтауды көздеп отыр.

Сондай-ақ М.Қарабаев қаладағы жылу желілерін жаңғырту жұмыстарын бағамдап көрді. «Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау және жаңғырту. 3 кезек. 1 іске қосу кешені» жобасының жалпы құны 6 981 081 мың теңге. Бұл жобаға сәйкес 3,8 шақырым желіні жаңарту көзделген, ал биыл 0,8 шақырымдай аумаққа дейін жөнделеді деп жоспарланған. Жергілікті әкімдіктің ақпараты бойынша аталған жобаны одан әрі іске асыру үшін 2023 жылы 2,6 млрд теңге көлемінде қосымша қаражатқа қажеттілік туындап отыр. Өз кезегінде М.Қарабаев бюджетті түзету және үнемдеу кезінде аталған соманы бөлуді қарастыруға дайын екенін атап өтті.

Сонымен қоса министр облыс тұрғындарымен кездесу өткізіп, жергілікті БАҚ-тың қатысуымен өтетін конференцияға қатысады деп жоспарланып отыр. Күн тәртібінде ҚР ИИДМ құзыретіне жататын мәселелер қаралады.

Жұмыс сапары аясында ИИДМ басшысы облыста іске асырылып жатқан автожол жобалары және инженерлік инфрақұрылым құрылысының барысымен танысып, сондай-ақ Жәйрем тау-кен байыту комбинатына барады деп көзделіп отыр.

Айта кетейік, ҚР ИИДМ-нің инвестициялық жобалар пулы аясында Ұлытау облысында шамамен 137 млрд теңгеге 1181 тұрақты жұмыс орнын құруды қарастыратын 12 жобаны іске асыру межеленген. Тұтастай алғанда, 2023 жылдың 5 айында өңдеуші өнеркәсіптегі инвестиция көлемі 26,7 млрд теңгеге жетіп, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бұл 6,4%-ға көп.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды