Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еліміздегі жылу желілері тозған өңірлер аталды

Еліміздегі жылу желілері тозған өңірлер аталды
Фото: primeminister.kz

Қазір Қазақстанда шамамен 128 мың шақырымдай жылу және сумен жабдықтау, сондай-ақ су бұру желілері бар

Республика аумағында желілердің тозу көрсеткіші - 51%, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Бұл туралы ҚР Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты. Ведомство басшысы Президенттің сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2030 жылға қарай коммуналды желілердің жалпы тозу деңгейін 40%-ға дейін төмендету міндеті қойылғанын жеткізді. Сондай-ақ министр коммуналды желілері әбден ескірген өңірлерді атады.

«Бұл бағыттағы жұмысты күшейту үшін мақсатты индикаторлар белгіленіп, өңірлерге жеткізілді. Қазір коммуналды желілердің айтарлықтай тозуы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Ұлытау облыстарында байқалып отыр. 2023 жылы 126 шақырым жылу желілерін жаңғыртуға 86 млрд 300 млн теңге бөлінді. 3 айда 23 шақырымдай жерге жылумен жабдықтау желілері тартылды», деді Марат Кәрімжанұлы.

Бұған қоса министрліктің алдағы жылу беру маусымына дайындықты тексеру және жылумен жабдықтауға байланысты іске асырылып жатқан жобаларға мониторинг жүргізу үшін өңірлерді арнайы жұмыс тобы аралайтыны белгілі болды. Қазір 57 жоба іске асырылып жатыр. Тұтастай алғанда, барлық жобаға сәйкес желілерді тарту, сондай-ақ дайындау және демонтаж жұмыстары жүргізіліп келеді.

ҚР ИИДМ басшысы айтқандай, қазір 2024 жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы сомасы 63,8 млрд теңгеге 87 шақырым жылумен жабдықтау желілерін жаңғыртуға қатысты 14 өңірден өтінімдер келіп түскен.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне келсек, алғашқысына сәйкес 7 өңірде тозу мөлшері жоғары екенін байқалған. Суды бұруға байланысты мұндай көрсеткіш 6 өңірде сақталып отыр. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салып, жаңғыртуға биыл республикалық бюджеттен 280 млрд теңге бөлінді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды