Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекітті

Үкімет Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекітті
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Үкіметі Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Жоспарды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірледі. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Жоспар салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге, тиімді бәсекелестік пен бюджетті бөлуге, халықты заңсыз бизнестен қорғауға және т. б. бағытталған жүйелі шараларды жүзеге асыруды көздейді. Атап айтқанда, іске асырылып жатқан шаралар кедендік тексерулердің тиімділігін арттыруға, кедендік рәсімдерді оңтайландыруға және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қосымша шаралар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Мәселен, 2025 жылға қарай көтерме және бөлшек саудадағы көлеңкелі айналымды 5%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. 2022 жылы бұл көрсеткіш 6,7%-ды құрады. Көлік және қоймалау саласында 2,4% (2022 жылы – 3,2%) көрсеткішке қол жеткізу жоспарланған.

Жоспарды іске асыру бейресми жұмыспен қамтуды азайтуды және заңсыз әрекеттердің жолын кесуді көздейді. Елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін 2022 жылғы 36%-дан 2025 жылы 37,5%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Кешенді жоспар ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде әзірленді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда