Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет экономикалық шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр — Ә. Смайылов

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Украинадағы қақтығыстың ел экономикасына әсері мәселесі қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«Барлығына белгілі сыртқы саяси ахуалдың күрт шиеленісуі жағдайында Үкімет пен Ұлттық банк Бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыруға кірісті. Жоспар инфляцияны бақылауда ұстауға, валюта нарығында тұрақтылықты сақтауға, жұмыспен қамтуды қолдауға, жаңа жұмыс орындарын құруға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталып отыр», — деді ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов.

Қаржы нарығының тұрақтылығы мен қорғалуын қамтамасыз ету үшін Үкімет ҚР Ұлттық банкімен бірлесе отырып, Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын іске асырады.

Теңгелік депозиттерді қорғау аясында депозиттер бойынша сыйлықақы есептеу қарастырылған. Сондай-ақ Үкімет Ұлттық банкпен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі жаңа шаралар кешенін қабылдады.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша қаржыландыру, оның ішінде субсидиялау мен кредиттерге кепілдік беру ұлғайтылады. Бизнеске шамадан көп әкімшілік жүктемені жоя отырып, кемшіліктерге талдау жүргізілді. Басым салаларда мемлекеттік органдардың реттеушілік актілері қайта қаралады.

Биыл «Ауыл – ел бесігі», Өңірлерді дамытудың кешенді жоспары және басқа да бағдарламалар аясында республикалық бюджеттен өңірлерді дамытуға қосымша қаражат бөлінеді.

Сонымен қатар Үкімет отырысы барысында отандық индустриялық-өнеркәсіптік кешенді қолдау және дамыту мәселесі қозғалды.

«Отандық өнеркәсіпті дамыту үшін экономиканы индустрияландыру және инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы импорттық тауарларды алмастырудың маңызы ерекше. Бұл орайда мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын өсіруге міндеттеме алады», — деді ҚР Премьер-Министрі отырыс барысында.

Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру үшін субсидиялау жүйесінің жаңа тәсілдері әзірленіп жатыр. Ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу арқылы ауыл шаруашылығы кооперациялары мен отбасылық шаруашылықтарды дамытуға қосымша жағдай жасалады.

«Бірінші кезекте ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған жобалар басым түрде мемлекеттік қолдауға ие болады. Биыл осы және басқа да шаралар қабылданады. Оларды іске асыру үшін Үкімет барлық күш-жігерін жұмсайды деп сендіремін. Біздің басты міндетіміз – халқымыздың әл-ауқатын арттыру», — деп түйіндеді Ә. Смайылов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді