Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысының аумағында табиғи өрттердің жаңа ошақтары тіркелген жоқ

Қарағанды облысының аумағында табиғи өрттердің жаңа ошақтары тіркелген жоқ
Фото: pixabay.com

Шет ауданындағы Тау алабы аумағында 1872 га алдын ала алаңда («Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ нақтыланған деректеріне сәйкес) 1 ошақ бақылауда қалуда, оның ішінде 167,7 га «Ақтоғай орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық» аумағы. Жағдай тұрақты, көзге көрінетін жану ошақтары жоқ, өртті оқшаулау туралы шешім қабылдау мақсатында аумаққа су құю, қарауылдау, сондай-ақ айналып өту жүргізіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыстарға 110 адам және 30 техника жұмылдырылды. Өңірде соңғы тәулікте Ақтоғай ауданында құрғақ шөптің жануының екі оқиғасы сөндірілді. Шабанбай би ауылдық округінде өрт аумағы 10 гектарды құрап, ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен сөндірілді.

Айыртас ауылдық округінде Айыртас ауылының өрт сөндіру бөлімшесінің күшімен 42 гектар аумақта құрғақ шөптің өрті сөндірілді.

Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады:

орман және дала алқаптарында от жағуға және басқа да өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге жол бермеңіздер;

жанып тұрған сіріңкелер мен темекі тұқылдарын, соның ішінде автомобиль жолдарының бойына тастамаңыздар;

балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, оларға отпен ойнауға рұқсат бермеңіздер.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді