10 маусым күні сағат 22:44-те Қарқаралы ауданы Айнабұлақ ауылынан 18 шақырым жерде шөптің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Қатты жел мен тау-тасты аймақ болғандықтан өртті сөндіру қиын болды. Осы себептен жану алаңы сағат сайын ұлғайды. Адамдар тәулік бойы отпен күресті. Өртті сөндіруге Қарағанды облысының ТЖ Департаментінің бөлімшелері, ерікті өртке қарсы құрылымдар мен жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Ірі өртті сөндіруге барлығы 52 адам мен 11 бірлік техника қатысты. Ұйымдасқан жұмыстың күшімен дала өрті 12 маусымда сағат 03: 30-да жойылды. Өрттің жалпы аумағы 250 га құрады.
Тағы бір ірі өртпен Жаңаарқа ауданында күресуде. 11 маусым күні сағат 07:10-да Ақтай ауылының 15 шақырымында шөптің жанғаны туралы хабарлама түсті. Өрт орнына ТЖД күштері мен құралдары, Ақтау ауылындағы өрт сөндіру бекетінің және ерікті өртке қарсы құралымдар жіберілді. Табиғи өртпен 40 адам күресіп, 9 бірлік техника жұмылдырылды. Жану алаңы 190 га құрайды.
Сонымен қатар, өткен тәулікте облыста тағы екі дала жануы жойылды. Ақтоғай ауданында өрт алаңы 35 га құраса, Жанаарқа ауданындағы өрт аумағы 40 га құрады.
Табиғи өрттерді сөндіру қиын жер бедерімен күрделене түседі. Өрт негізінен жаяу жүргізіледі. Себебі техника әрдайым жану орнына өте алмайды. Жақын жерде су көздерінің болмауына байланысты су құю өрт орнынан бірнеше километр қашықтықта жүзеге асырылады.
Көптеген жағдайларда табиғи өрттер адамдардың ұқыпсыздығынан туындайды: тастанды темекі, сөндірілмеген алау, қоқыс өртеу, күн орнында тасталған әйнек және т.б. себептер.
Қарағанды облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпті кезеңде ормандар мен далаларда отты пайдалану кезінде ерекше сақтықты сақтауды сұрайды.