Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысындағы қыздың өлімі: полицейлер ауылдағы "толқу" туралы ақпаратқа жауап берді

Түркістан облысындағы қыздың өлімі: полицейлер ауылдағы
Фото: бейне скриншот

Түркістан облысының полицейлері Жібек жолы ауылында бес жасар қыздың өлімінен кейін болған "толқу" туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында қызды өлтірді деген күдіктіні ұстау кезінде ауыл тұрғындары оны полицейлерден алып қалмақ болғанын жазған. Журналист жариялаған кадрлардан олардың полиция көліктері артынан жүгіргені көрінеді.

Түркістан облысының полицейлері Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылында жағдай тұрақты деп хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Оқиға орнына облыс прокуроры мен Полиция департаментінің бастығы, жедел-тергеу тобы барған.

"Қазіргі уақытта тиісті шаралар жүргізіліп жатыр. Ауыл тұрғындарымен ақсақалдар, құзырлы органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кездесті. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексерудің өзге де мәліметтері жарияланбайды. Бұл ретте азаматтардан тек ресми деректерге сенуді сұраймыз және жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз", - деді полиция өкілдері.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді