Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында ауыл әкімінің орынбасары оқушы қызды педофилден құтқарып қалды

Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығы ержүрек азаматты арнайы қабылдап, марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz


Оқиға Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылында болған. Отбасымен кешкі серуенге шыққан жасөспірім қыз үйіне ертерек қайтқан. Сол сәтте соңынан ерген күдікті шашынан тартып, шетке қарай сүйреп алып шыққан. Бетінен ұрып, жерге құлатқан. Көмек сұрап айқайлаған оның аузын жауып, қылқындырған. Сол тұстан әйелімен бірге өтіп бара жатқан Сүйіндік Сейітжаппарұлы қыздың даусын естіп, бірден көмекке ұмтылған. 

 

«Жүгіріп келе жатқанымды көрген күдікті қаша жөнелді. Қыздан мән-жайды сұрап білген соң, бірден соңынан қудым. Кейін қуып жетіп, оны полицияға тапсырдым. Менің орнымда басқа біреу болса да осылай көмектесер еді. Бұл менің азаматтық борышым деп білдім. Ең бастысы қыздың жағдайы жақсы» -дейді Сүйіндік Сейітжаппарұлы.

 

Бүгін Түркістан облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков бейбіт күннің батыры Сүйіндік Сейітжаппарұлын қабылдады. Арнайы сыйлықпен марапаттап, алғыс айтты. 

 

Ал, күдікті қамауға алынды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлімі «Зорлау» және 24-бабы 3-бөлігі «Қылмысқа дайындалу және оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі