Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция өлі аюмен суретке түскен ер адамның кім екенін анықтады

Әлеуметтік желіде өлі аюды ұстап, фотоға түскен ер адамның суреті тарады. Бұған қатысты пікір білдірген Жетісу облысының полициясы суреттегі адамның кім екенін анықтағанын, аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ жаңалықтар арнасы.

Өлі аюмен суретке түскен ер адамның фотосын журналист Сандуғаш Дүйсенова Instagram парақшасында жариялап, тәртіп сақшыларынан суреттегі адамды табуды сұраған.

"Ауыл тұрғындары өлі аюды ұстап тұрған ер адамның суретін жіберді. Аңның аузы қан", – деп жазды ол желіде.

Журналистің жазбасына жауап берген Жетісу облысы полиция департаментінің өкілдері ақпараттың назарға алынғанын хабарлап, "Қызыл кітапқа" енген жануармен түскен ер адамның жеке басын анықтау үшін қажетті шаралар қолға алынғанын атап өтті. Сондай-ақ полицейлер ақпарат Табиғат пен жануарлар дүниесін қорғаумен айналысатын мүдделі ведомстволарға жіберілгенін, іздестіру іс-шараларының нәтижелері туралы қосымша хабарланатынын айтты. Бүгін құзырлы орган өкілдері өлі аюмен суретке түскен ер адамның кім екені анықталғанын хабарлады.

"Белгілі болғандай, фотосурет осы жылдың қыркүйек айында Ескелді ауданының тауларында түсірілген. Суреттегі адам 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам ұсталып, аудандық полиция бөліміне айғақ беру үшін жеткізілді. Іс бойынша тергеу Қылмыстық кодекстің 337-бабына сәйкес ("Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған") жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеуді облыстық полиция департаменті бақылауға алды", – деп хабарлады полиция өкілдері. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты