Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полиция подполковнигін бес адам ұрып кетті

Алматы полиция департаменті тәртіп сақшысының соққыға жығылғаны туралы ақпаратты растады. Ведомство пікірі Polisia.kz басылымының ресми Telegram арнасында жарияланды, деп жазады kazlenta.kz.

Полиция подполковнигінің соққыға жығылғаны туралы ақпарат бастапқыда журналист Михаил Козачковтың Telegram арнасында пайда болды. Оның айтуынша, Қауіпсіздік қызметі басқармасының аға анықтаушысын соққыға жыққан. Оған жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы және бірнеше жерінен дене жарақатын алғаны жөнінде диагноз қойылған. Полицейлер ұрып-соғу фактісін растады. Тәртіп сақшылары бұған қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Бұл қылмысты жасады деген күдікпен бес ер адам ұсталды. Олар Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді