Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Шектен шыққандық": "Қазсушар" қызметкерлері Тоқаевқа шағымданды


"Қазсушар" қызметкерлері Президент Тоқаевқа хат жолдады. Хат мәтініне сүйенсек, олар ұйымның проблемаларына назар аудару үшін экология министрлігіне бірнеше рет жүгінген. Кәсіпорын қызметкерлері министр Зулфия Сүлейменоваға да шағым жолдапты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алайда, жолданған хаттар олардың мәселесін шешпеген, керісінше, заңсыз қуадалау, негізсіз жұмыстан қуу жиілеген.  Ал экология министрлігі басшылық лауазымдарға «өз» адамдарын тағайындаған. Хат авторларының айтуынша, жаңа басшылардың білім-білігі  бұрынғылардан әлдеқайда төмен.

"Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы!

"Қазсушар" РМК ұжымы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Су ресурстары комитеті лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттеріне шағымын жеткізбек.

Біз бұған дейін 2023 жылғы 13 наурыздағы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің атына біздің кәсіпорындағы ағымдағы жағдайға алаңдаушылық және "Қазсушар" РМК су шаруашылығының өзекті мәселелерін шешуге жәрдемдесу туралы өтініш жолдадық", — делінген шағымда.

Айта кетейік, "Қазсушар" РМК – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетіне қарасты құрылым. Оның басты міндеті - су шаруашылығы объектілерін пайдалану, суару және ауыз су беру.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді