Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Экология саласының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні қарсаңында экология, геология және геология саласының ардагерлері мен министрлік қызметкерлерін, сала мамандарын Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев мерекемен құттықтап, наградалар табыстады.

«Еліміздің жарқын келешегі үшін аянбай еңбектеніп жатқан министрлік ұжымын атаулы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық және саулық тілеймін. Бүгін марапатты саланың дамуына күнделікті үлес қосып жүрген азаматтар алып жатыр деп есепетеймін. Экология мамандарының істеп жатқаны – өте игі іс. Сондықтан әрқайсыңыздың жұмысыңыз аса маңызды. Арамызда құрметті еңбек демалысына шықса да ел игілігіне жұмыс істеп жатқан ардагерлеріміздің де отырғаны қуантады», - деді Мағзұм Мырзағалиев Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесіне арналған салтанатты шарада.

«Құрмет» орденімен GIZ жобасының Қазақстан Республикасында төмен көміртекті даму стратегиясын әзірлеу және көміртекті реттеу саласындағы Ұлттық аккредиттеу орталығы үшін стандарттарды әзірлеу жөніндегі ұлттық консультанты Бахыт Есекина марапатталды.

Айта кетейік, кеше ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Құрмет» орденін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Асхат Қайнарбековке, «Ерен еңбегі үшін» медальін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Нариман Жүнісовке және Геология комитеті төрағасының орынбасары Алмат Абдикешовке тапсырған.

III дәрежелі Еңбек даңқы ордені Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы «Қордай» өндірістік бөлімшесі Қақпатас су қоймасының гидротехникалық жүйе қараушысы Мақсұт Жапарқұловқа берілді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Ботаника және фитоинтродукция институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Іле ботаникалық бағы филиалының директоры Исабаев Серік, «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры Данара Әлімбаева, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі Арықбалық филиалының Торғай орманшылығының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының инспекторы Дулат Аманғожанов, Геология комитетінің «Оңтүстікқазжерқойнауы» Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Уайс Бектібаев, еңбек ардагері Жұмашев Нұрмұхамед және тағы басқалар марапатқа ие болды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты