Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбылдық полицейлер 250-ден астам заңсыз сақталған қаруды тәркіледі

Жамбылдық полицейлер 250-ден астам заңсыз сақталған қаруды тәркіледі
Фото: polisia.kz

Жамбылдық полицейлер 250-ден астам заңсыз сақталған қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының полиция департаментімен заңсыз сақталған қаруды іздеу жұмыстары үздіксіз режимде жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар белгілі бір нәтижелер береді.


– Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында полиция қызметкерлерімен 253 бірлік қару, 4431 бірлік оқ-дәрі тәркіленді. Атап айтқанда, 17 автомат, 70 тапанша (оның ішінде 10 ПМ), 147 тегіс ұңғылы мылтық, 19 мылтық және 15 граната. Алынған қарулардың ішінде 41 қару қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысының полиция департаменті ғимаратынан ұрланған.
Барлық деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады ПД бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев.

Жамбыл облысының полиция департаменті тұрғындарға қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Мұндай ақпаратты білетіндерден “102” арнасына қоңырау шалуды сұраймыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады