Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында бір айда заңсыз айналымнан 60 қару тәркіленді

Жамбыл облысында бір айда заңсыз айналымнан 60 қару тәркіленді
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында бір айда заңсыз айналымнан 60 қару тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жамбыл облысының полиция департаменті қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, заңсыз сақталған қаруды іздеу және тәркілеу жұмыстарын жалғастыруда. Осы мақсатта сәуір айының соңында полиция қызметкерлері “Қару” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Іс-шараның 5 күнінде полицейлер заңсыз айналымнан 54 бірлік қару, 448 оқ-дәрі, 1 жарық-шу гранатасын, 9 арнайы құралдарды тәркіледі. Бұл туралы Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев айтты.

Алынған барлық құралдарға сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды. Полиция қызметкерлері қару иелерінің тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ 704 шалғайдағы шаруа қожалығына тексеру жұмыстарын жүргізді. Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қаруды сақтау ережелерін бұзудың 15 дерегі, қаруды қайта тіркеуді бұзудың 6 фактісі анықталды.

Биылғы сәуір айында заңсыз айналымнан 60 бірлік қару мен 1183 оқ тәркіленді. Мәселен, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде облыс орталығындағы Солнечный иінінің шет жағында қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған полипропилен пакетін тапты. Онда Жамбыл облысы ПД қоймасынан ұрланған 5,45 мм калибрлі АКС-74 автоматы, 12 мм калибрлі ИЖ-54 екі ұңғылы аңшы мылтығы, 16 мм калибрлі ИЖ-ЗК бір ұңғылы аңшы мылтығы, ИЖ-18ЕМ 16 мм калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 16 мм калибрлі ИЖ-58 бір ұңғылы шолақ аңшы мылтығы тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлімінің (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді