Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда қару-жарақ жасырылған қойма анықталды

Жамбылдық полицейлер қару-жарақ жасырылған орынды анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

"12 ақпан күні сағат 17:50-де Тараз қаласындағы Көшеней көшесі бойынша жедел ақпаратты пысықтау барысында полицейлер бетон плиталарының арасынан қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған полипропилен қапшығын тапты.

Оқиға орынынан полиция қызметкерлері зауыттық нөмірлері өшірілген ИЖ-ЗК бір оқпанды тегіс ұңғылы аңшы мылтығын, 4,5 мм калибрлі МР-654К пневматикалық тапаншасын, түрлі калибрлі 85 патронды тәркіледі"-делінген қалалық полиция басқармасының мәліммдесінде.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен (Атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады