Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық 29 тұрғынды шамамен 150 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды

Елордалық 29 тұрғынды шамамен 150 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ  ұсталды
Фото: kazlenta.kz

Елордалық 29 тұрғынды шамамен 150 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ құрықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтқа сілтеме жасап.

34 жастағы астаналық қала тұрғындарына автокөлік, ипотека, қолма-қол несие және инвестиция бойынша көптеген қызмет түрлерін ұсынған.

Алаяқтың торына түскен 29 адам Байқоңыр ауданының полиция басқармасына жүгінді. Түрлі алдаудың схемаларын ойлап тапқан күдікті қыруар ақшаға қарық болған.
Алданған халық оған 1-22 млн теңгеге дейін ақша берген.

Полицияға Астана тұрғыны хабарласып, алаяқтың құрбаны болғанын хабарлады. Әйел күйеуінің досына сеніп, оған 1 млн 237 мың теңге бергенін айтты. Ол көлікті несиеге алуға көмектесуге уәде берді. Автонесие алуға қаражаты жетпеген әйелге, микроқаржы ұйымынан тауарлық және несиемен ақша несие алуды ұсынған. Нәтижесінде әйел бес микроқаржы ұйымынан несие және тауарлық несие алған. Біраз уақыттан кейін жәбірленуші өзінің алданғанын түсініп, дабыл қаққан.
Сол сияқты қаржы мәселесін шешуге көмектесемін деп, өзге де азаматтарды алдауына түсірген.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп, қылмыстық іске қатысты тұлғаға бұлтартпау шарасы таңдалды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды, күмәнді операциялардан бас тартуды ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі