Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өскеменде қараусыз қалған үйден қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

Өскеменде қараусыз қалған үйден қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды
Фото: polisia.kz

22 мамыр күні ШҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД және ШҚО бойынша ҚАЖД-мен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Өскемен қаласының тұрғын емес үйлерінің бірінен заңсыз сақталған қаруды тапқан, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары нөмірлері өшірілген 7,62 мм калибрлі Наган ойық тапаншасын, оған 7,62 мм калибрлі 188 патронды, ТОЗ 34 ЕР аңшылық мылтығынан оқпанды, Ф1 граната корпусын, аңшылық мылтықтан 20 калибрлі 12 патронды, сондай-ақ 4 сигналдық зымыранды тапқан.

ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Баллистикалық сараптама нәтижелері бойынша тапанша жауынгерлік деп, ал патрондар оқ атуға жарамды деп танылды.
ШҚО полиция департаменті өңірде “Қару тапсыр” науқаны өтіп жатқандығын естеріңізге салады. Оның аясында заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың техникалық жай-күйіне байланысты оның әрбір бірлігі үшін республикалық бюджеттен 10-нан 100 АЕК-ге дейінгі сомада төлем көзделеді. Қаруды тапсыру үшін кез-келген полиция бөліміне өтініш білдіріп немесе “102” нөміріне қоңырау шалу қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді