Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көкшетау қаласының ҰҚҚКБ қызметкерлері заңсыз қару сақтаған азаматты анықтады

Көкшетау қаласының ҰҚҚКБ қызметкерлері заңсыз қару сақтаған азаматты анықтады
Фото: polisia.kz

Көкшетау қаласының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қару-жарақ қоймасын тапты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қару-жарақ арсеналы жеке үйдің аумағында тұрған ақаулы көліктің жүксалғышында жасырылғаны белгілі болды.

18 сәуір күні Ақмола ҰҚҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қару-жарақ қоймасын тапты. 4 бірлік қару, оның ішінде ИЖ-К 16 калибрлі мылтықтың тегіс ұңғылы бір ұңғылы кесіндісі, 16 калибрлі ТОЗ – БМ маркалы мылтықтың тегіс ұңғылы кесіндісі, ТТ тапаншасы және оқ-дәрісімен Удар – М2 аэрозольдік тапаншасы ВАЗ-2114 автокөлігінің жүксалғышынан табылды.

Аталған дерекке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

Одан әрі тергеу және жедел іс-шараларды жүргізу кезінде полицейлер қаруды сақтауға қатысы бар 32 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.

Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Сонымен қатар жедел уәкілдер бұл мылтықтар мен тапаншалардың Көкшетауда қалай пайда болғанын анықтап жатыр.

Тергеу жалғасып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты