Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында 9 сотталушыға қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Алматы қалалық соты Facebook парақшасында. 

"Бұрын қылмыс жасағаны үшін сотталған әйел 2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың қарашасы аралығында қаржы пирамидасын құрып, оны басқарған. Кейін компанияға жеті адамды тартып, олармен бірлесіп екі ЖШС тіркеген. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарға еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынған. Бұл компаниялар сыйақы алуға кепілдік берген", - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Қаржы пирамидасынан 209 адам зардап шеккен. Оларға келтірілген шығын 931 млн 672 мың теңге көлемінде. "Сот үкімімен қаржы пирамидасын құрған 8 адам кінәлі деп танылып, 5 жылдан 9,6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Айыпталушылардың біріне қатысты Қылмыстық кодекстің 63-бабы қолданылып, оның іс-әрекетінен залал болмағандықтан, шартты түрде сотталды", - деп атап өтті соттың баспасөз қызметі Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді