Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысының оқушысы қой шаруашылығын автоматтандыру жобасын әзірледі

Абай облысының оқушысы қой шаруашылығын автоматтандыру жобасын әзірледі
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Абай облысы Аягөз ауданындағы қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы Бекнұр Айдарбек қой шаруашылығын автоматтандыруды ойлап тауып, шаруа қожалығына ұсынды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақсат - Шопан ата төлін көбейту. Жобаның тиімділігі: замануи жабдықтарды пайдалану, жоғары сапа, аз шығын, қожалықтарды автоматтандыру арқылы шаруашылық жұмысын жеңілдету.

«Жобада қойшының жұмысын жеңілдету үшін жем, шөп науаға автоматтандырылған жүйе арқылы салынып, су мотор арқылы құйылады.
Ферманың іші жарық, таза. Қойларды жаю үшін «электроқойшы» құрылғысын ұсынамыз. Құрылғы мобильді, басқа жайылымға апарып орнатуға да болады. 2 га жер сыммен қоршалып, қой сол қорғанның ішінде жайылады», - дейді 8 сынып оқушысы Бекнұр Айдарбек.

Бекнұр жобаны іске асыру кезеңінде қаражаттың жұмсалуын есептеп, экономикалық тиімділігін де көрсеткен, маркетингтік жоспарын жасаған.

«Жазғы, қысқы демалыс кезінде ауылға барып, атама көмектесемін. Шаруашылықта мал бағу, жем-шөп дайындау секілді жұмыс көп. Менің арманым — шаруашылықты автоматтандыруға қол жеткізу, бұл әкем мен атамның жұмысын жеңілдетер еді», - дейді Бекнұр.

Ол «Қой шаруашылығын автоматтандыру» жобасын мамыр айында өтетін фестивальға дайындауда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі