Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бюджет қаражатын тиімді игермеген 82 шенеунік жазаға тартылды

Бюджет қаражатын тиімді игермеген 82 шенеунік жазаға тартылды
Фото: kazlenta.kz

2022 жылға бөлінген бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны үшін 82 жоғары лауазымды шенеунік жазаланды. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды kazlenta.kz  тілшісі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

25 мамырда Сенатта үкімет пен Жоғарғы есеп палатасының 2022 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерінің таныстырылымы өтті.

"Мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды іске асыру қорытындыларына келетін болсақ, өткен жылы үш мемлекеттік бағдарлама мен 10 ұлттық жоба жүзеге асырылды. Олар мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу аясында бекітілді. Түрлі көздерден 8,2 триллион теңге бөлінді. Оның 2,8 триллион теңгесі мемлекеттік бюджеттен бөлінді", - деді Жамаубаев.

Қаржы министрлігінің басшысына Қазақстандағы бюджеттің игерілмеуіне қарсы қолданылып жатқан шаралар туралы сұралды.

"Бірнеше триллионнан астам бюджет ақшасы тиімсіз пайдаланылды. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбауы үшін қызметкерлер жазалана ма?" - деп сұрады сенатор Амангелді Төлемісов.

"Сандарды нақтылай кетейін. 8,2 триллион теңге, оның барлығы мемлекет қаржысы емес. 2,8 триллионы республикалық бюджеттен бөлінген қаржы. Қалғаны жеке инвестиция мен қарыз қаражат. Әрине, мониторинг жүргізіп жатырмыз. Біз Жоғарғы есеп палатасының қорытындылары мен ұсыныстарын талдаймыз, жоғары лауазымды тұлғаларды жауапқа тартамыз. Қазір 113 адам, оның ішінде 82 жоғары лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды", - деп жауап берді Қаржы министрлігінің басшысы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді