Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет мемлекет қарызын басқару жөнінде шаралар қабылдауда

Қазіргі кезде мемлекет қарызы қауіпсіз деңгейде сақталып отыр. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары–Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazlenta.kz

«Мемлекет қарызының өсуі республикалық бюджет тапшылығын жабу қажеттілігімен және маңызды әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін қарыз алумен байланысты болды. Былтырғы жылдың қорытындылары бойынша мемлекет борышының деңгейі жалпы ішкі өнімге шаққанда 27,4 пайызды құрады және бүгінгі таңда қауіпсіз деңгейде сақталып отыр», - деді Е. Жамаубаев.
 
Осы орайда ол бұл көрсеткіш халықаралық қаржы және рейтингтік ұйымдардың бағалауларымен де расталғанын жеткізді.

«Дегенмен, мемлекет қарызын басқаруды одан әрі жетілдіру үшін келесідей шаралар қабылданады. Біріншіден, бюджет тапшылығы кезең-кезеңімен азаятын болады. Бұл борыштың өсу қарқынын төмендетуге ықпал етеді. Екіншіден, көлеңкелі экономикамен күресті белсенді түрде жалғастырамыз. Осы орайда әкімшілендіруді жақсарту және цифрландыру арқылы салық түсімдері біртіндеп ұлғайтылады», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Бұдан басқа, заңнамада сыртқы қарыз қаражатын уақтылы игермегені үшін мемлекеттік органның бірінші басшысының жауапкершілігін белгілеу жөнінде норма қабылданғанын атап өту керек.

«Жалпы, Үкімет жүйелі түрде мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор борышының қалыптастырылуына және басқарылуына бақылауды күшейтетін болады. Осы тұрғыда 2030 жылдарға дейін мемлекеттік қаржыны басқару концепциясы қабылданатын болады», - деді ол. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ерұлан Жамаубаев депутаттардың бюджетке қатысты ұсынымдары Үкімет жұмысында ескерілетінін айтты. Жекешелендіруге жататын нысандар тізіміне енгізу үшін бірқатар басты критерийлер бекітілді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды