Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ерұлан Жамаубаевты қабылдады

Президент премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 
Вице-премьер мемлекет басшысына еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және үкіметтің қаржы-экономикалық блогының алдағы жұмысының негізгі бағыттары туралы баяндаған. Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,1 пайызға жетіп, инвестиция көлемі 7,8 пайызға артқан. Экономиканың барлық саласы дамып келеді. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс деңгейі 3,4 пайызға, құрылыс көлемі 9,4 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімінің көрсеткіші 9,1 пайызға өскен.
2022 жылдың 11 айында сыртқы сауда айналымы 33,4 пайызға өскен. Оның сөзінше, сауда балансы да айтарлықтай нығайып келеді. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 33,8 пайызға өсіп, 24,1 миллиард долларға жеткен. Мемлекет басшысына берілген мәліметтерге сәйкес, республикалық бюджеттің кірісі жөніндегі жоспар 309 миллиард теңгеге асыра орындалған. Ерұлан Жамаубаев президентке Бюджет және Салық жаңа кодекстерінің әзірлену барысы, "Ұлттық қор – балаларға" жобасының жұмыс механизмдері, заңсыз иеленген және елден шығарылған активтерді мемлекетке қайтару үшін қабылданып жатқан шаралар туралы да ақпарат берген.
Министрдің айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер бойынша тәркіленген қаражат "Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына" жіберіліп жатыр. Қазіргі кезде арнайы шотта жиналған 120 миллиард теңгеге жуық қаражат мектептердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарына жұмсалады. Сонымен қатар Ерұлан Жамаубаев жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның жүзеге асырылуы туралы да айтқан. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы министріне бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, мемлекет қаржысының жағдайын жақсартуға, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіруге бағытталған бірқатар тапсырма берген. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды