Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Үкіметінің резервінен табиғи өртпен күресу үшін техникалар сатып алуға қаражат бөлінеді

ҚР Үкіметінің резервінен табиғи өртпен күресу үшін техникалар сатып алуға қаражат бөлінеді
Фото: primeminister.kz

Қазақстан аумағында ірі орман өрттерінің өршуі барған сайын өзекті проблемаға айналуда. Тілсіз жаудың болжап білуге болмайтын табиғи сипаты мен өткен жылдардағы зардаптарын ескере отырып, Үкімет өрттің алдын алу шараларын күшейтпек, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мәселен, жаңа қаулыға сәйкес Үкімет резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жұмыстарына тартылатын тікұшақтарға арналған 26 жаңа су шашу құрылғысын сатып алуға 623 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Олар қала маңындағы аумақтармен бірге, республиканың шалғай аудандарында да қолданылады. 10-15 секундта 5 тонна су жинап, оны 6 секунд ішінде төге алатын қосымша құрылғылардың көмегімен авиация орман алқабының үлкен аумақтарындағы өрттерді тез арада сөндіре алады.

Сонымен қатар құтқарушылардың әуе паркі өрт сөндіру, адамдарды қауіпті аймақтардан эвакуациялау және т.б. ТЖМ міндеттерін орындауға бейімделген Ми-8 тікұшақтарымен толықтырылады. 

Жалпы аталған шаралар табиғи өртпен күрес кезінде арнайы қызметтердің жедел әрекет ету мүмкіндіктерін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады