Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еуропада аптап ыстықтан өрт пен құрғақшылық дендеп тұр

Грекияда өткен тәулікте кем дегенде 53 орман өрті тіркелді. Ыстық ауа райы жаңа өрттерді тудыруы мүмкін. Жүздеген адам қауіпті аймақтардан эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.


Өрт сөндірушілер елдің шалғай аудандарында, Лесбостың оңтүстігіндегі Дадия ұлттық саябағында және Батыс Македония аймағындағы өртпен арпалысып жатыр. Табиғи апат болған аудандарға Үкімет мүшелері келді. «Әрі қарай біз өрттің оңтүстік-батыс шетіне барып, жұмыс нәтижесін бақылаймыз, өрттің таралуын тоқтата алатын мүмкіндіктерді қарастырамыз», - деді климат дағдарысы және азаматтық қорғаныс министрі Христос Стилианидис.

Испанияның Тенерифе аралында бейсенбі күні болған үлкен өрттен кейін 600-ден астам адам эвакуацияланды. Испанияда соңғы жылдары өрт салдарынан 140 гектардан астам табиғи көшеттер мен ауылшаруашылық алқаптары зардап шеккен. Аптап ыстық пен құрғақшылық салдарынан туындаған қауіпті жағдай Еуропаның оңтүстігінде ғана емес. Чехияның солтүстігінде, Дечин қаласының маңындағы табиғи паркінің аумағында да орман өрті шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, бүкіл Еуропада өрттің шығуына адам факторы себеп болып отыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді